Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық «А.Қаттани» мешітінің ұйытқы болуымен «Шәкәрім қажы һәм Ихсан ілімі» атты танымдық діни семинар өтті.
Рухани басқосуға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы,шаһар бас имам кеңесшісі Бекайдар қажы Әміре,Әл-Фараби аудандық «А.Қаттани» мешітінің бас имамы Ахметжан қажы Керімбек, Абай аудандық «Нұр-Төбе» мешітінің бас имамы Бердалы Жәміш, «Мейірман» мешітінің имамы Дәурен қажы Тасқараев, ЖАНТ мүшесі және мешіт имамдары қатысты.
Семинар барысында қазақ ақын-жырауларының соның ішінде Шәкәрім қажының еңбектері мен Ихсан іліміне қатысты дүниелері туралы ақпарттармен бөлісті.
Рухани шарада ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» атты кітап танытымы жасалды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі