Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласы, Абай аудандық мешітінің ұйытқы болуымен «Мәшһүр Жүсіп һәм Ихсан ілімі» атты танымдық діни семинар өтті.
Семинар жұмысына Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы, Абай аудандық «Нұр-Төбе» мешітінің бас имамы Бердалы Жәміш, ЖАНТ мүшесі – «Атамекен» мешітінің бас имамы Дәулет қажы Туленов және мешіт имамдары қатысты.
Аталмыш семинарда ЖАНТ мүшесі – «Атамекен» мешітінің бас имамы Дәулет қажы Туленов Ихсан ілімі туралы дәріс оқыды. Сондай-ақ, жуырда жарық көрген «Ихсан – рухани тәрбие негізі» атты кітап таныстырылды.
Танымдық рухани шара соңында барлық қатысушыларға Ихсан іліміне байланысты ҚМДБ тарапынан берілген жұмыс жоспары таныстырылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі