بَارَكَ اللهُ لَكَ فِي الْمَوْهُوبِ وَشَكَرْتَ الْوَاهِبَ وَبُلِغَ رُشْدَهُ وَرُزِقْتَ بِرَّهُ
Ибн Аббас (р.а.) айтқан дұға: «Бәәракаллаһу ләкә фил-мауһууби уа шәкәртәл-уааһибә уа булиға рушдәһу, уа рузиқтә бирраһу».
Мағынасы: «Алла саған берген тарту-сыйының берекесін берсін, Сый берушіге шүкірлік қылғын, нәресте өссін, жақсылығын көруге нәсіп етсін!».
Ғасырлар бойы ұлтымыздың санасына сіңген мұсылмандық салт бойынша туылған нәрестеге төмендегідей бата-тілектер айтылатыны белгілі.
«Бауы берік болсын! Еліне елеулі, халқына қалаулы азамат болып өссін! Алла берекесін берсін!».
Нәрестенің бауы берік болсын!
Ата-анасына серік болсын!
Азамат боп ер жетсін!
Ақсақал боп төрлетсін!
Азамат болсын көрікті!
Ғұмыры ұзын, берік-ті!
Қолғанаты көп болып,
Артынан ерте берсін серікті!
Азамат болсын ардақты!
Мінезі болсын салмақты!
Өнері болсын жан-жақты!
Осы айтқанның бәрі келіп,
Алла берсін зор бақты!
Әмин!