ҚМДБ, Шымкент қаласы, «Имам Ағзам» мешітінің найб имамы
Жауқаров Абзал Нұрғалиұлы
Муғаз ибн Жәбәл (р.ә.) жеткен хадисте Хазіреті Расулуллаһ (с.ә.с.) былай дейді: «Қандай жағдайда да Алладан қорық. Жамандықты оны кетіретін жақсылықпен ұластыр. Адамдармен жақсы мінез-құлықпен қарым-қатынас жаса». (Әт-Тирмизи)
Хазреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с) біздерге үш нарсені өсиет етіп отыр. Бірінші тақуалық, яғни Алладан шынайы қорқу. Азабынан, ашуынан, есеп-қисабынан, осы дүниеде де ахірет дүниесінде де хасіретке ұшырап қалуы әбден мүмкіндігінен қорқу. Алладан шынайы қорыққан пенде ешуақытта жамандыққа бармайтыны айдан анық. Өйткені ол көпшілікте болсын, жалғыз болсын Алланың оны көріп тұрғанын біледі. Әрбір қадамын аңдап басады, әрбір сөзін ойланып сөйлейді, әрбір ісін тек Алланың разылығы үшін жасайды. Міне, құрметті ағайын, әрқайсысымыздың жүрегімізде тақуалық шырағы ешқашан өшпесін.
Екіншісі, егер де пенде бір жамандық істеп қойса міндетті түрде артынан жамандықты кетіретін жақсылық жасау. Сауап істер біздердің күнә-қателіктерімізді жуып-шаяды. Әлбетте қателеспейтін адам жоқ бәріміз қателесеміз. Алай да сол қателікті, жамандықты жоқ қылатын нарсе ол, артынша кешіктірмей жақсылық жасау, сауапты іс жасау. Бұл дүниеде амал бар да, есеп жоқ. Ахыретте есеп бар да, амал жоқ екенін естен шығармауымыз керек.
Үіншісі адам баласы әр дайым бір қоғамда, ортада өмір кешеді. Сол қоғамда басқа адамдармен мәмілелер мен қарым-қатынастар жасайды. Пенденің қоғамда өзінің ұстауы, мінезі, айтқан сөздері, мәмілелері оның мінез-құлқына байланысты. Дініміз ең алдымен мінез-құлықты туырла дейді, әрине жақсы жағына қарай. Адамға күлімсіреп қараудың өзі сауап болып саналады. Міне құрметті ағайын мінез-құлқымыз жұмсақ болса, жүрегміз жұмсақ болса. Айналадағы адамдарға да жұмсақ боламыз, жақсы сөз сөйлейміз. Мұның өзі біз үшін сауап әрі қоғам үшін жақсылық. Әрбір мұсылман адам бұл қоғамға айна, яғни сізге қарап дінді сипаттайды. Ал дінімізді көркем етіп көрсету әрқайсысымызға аманат әрі міндет.