IMG 223

IMG 223

Шардара қаласы Шардара ГЭС АҚ мекемесінде бүгін энергетиктер күніне орай мерекелік іс – шара өтті. Мерекелік іс – шараға «Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Бакытбек Каипжанович Жаңабаев, Шардара аудан әкімінің апппарат басшысы Ғ. Амантай, ҚМДБ – ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары, найб имам Е Қарақұлов, аудан имамы А. Данияров қатысты. Құттықтау сөз алған Е. Қарақұлов пайғамбарымыз (с.а.с) хадисіне тоқталып «Адамдардың ең қайырлысы өзге адамдарға пайдалы болғаны» – дейді. Өңір халқын жарықпен үздіксіз қамтамасыз етуде, сонымен қатар «Шардара» орталық мешітіне қысқы жылуының электр өніміне жасап жатқан қайырымдылығына тоқтала келе, «Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Бақытбек Каипжанович Жаңабаевқа ҚМДБ – ның ОҚО бойынша өкіл имамы Керімбек Ахметжан қажы Пірәліұлының атынан алғысын айтты. Ел игілігіне атқарып жатқан қызметтеріне Алла Тағаладан береке тілеп, энергетиктер күні кәсіби төл мерекелерімен құттықтады.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

 

IMG 223

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38