Шардара қаласы «Шардара» орталық мешітінде ҚМДБ – ның ОҚО бойынша әкіл имам орынбасары, РАНТ мүшесі Е. Қарақұлов қасиетті жұма намазында «Тәкфир уәл – хиджра» тақырыбында уағыз айтты. Уағыз барысында «Такфир уәл – хиджра» идеологиясының негізі – өздері өмір сүріп жатқан мемлекеттің ішкі басқару жүйесін айыптап, шариғат заңының дұрыс еместігін желеу етіп, шариғи заңдар сақталатын өзге елдерге қоныс аудару болып табылады. Ол жақтан әскери тәжірибеден өтіп, «кәпірлер мемлекетіне», оның азаматтарына қарсы жихад жариялауды үндейтіндігіне тоқталды. Діни білімді тек қана мешіт имамдарынан алу ҚМДБ – ның сараптау комиссиясы мақұлдаған кітапты және аудио видео дискілерді көріп, тыңдауға болатындығын айтты. Қасиетті жұма намазынан кейін жамағатқа Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) деген салауатты ықыласпен оған деген шынайы махаббатпен айту. Алайда оны күнделікті тірлігімізбен айналысып жатып айтсақ та, оның бұл дүниеде де, ақиретте де берер жемісі мен пайдасы мол, салауат арқылы пайғамбарға (с.а.с) Алла Тағаладан берекет рақым тілеп, дәрежесінің көтеріліп, мейірімінің үстем етілуін сұрау оның ақыретте шапағатына кенелуімізге себеп болады. Салауат айтудың ең маңызды тұсы Пайғамбарға (с.а.с) деген махаббатымызбен айту.
Құран Кәрімде Алла Тағала өзінің соңғы Елшісі (с.а.с) жайында: «Біз сені бүкіл әлемге рахым етіп қана жібердік», – деген еді. Пайғамбарымыз (с.а.с) «Қиямет күні адамдардың маған ең жақыны – мына дүниеде маған көп салауат айтқан адам», – деген. Уағыз – насихат соңында пайғамбарымызға (с.а.с) салауат жолдап, қасиетті Құран кәрімді оқып, сауабын дүниеден өткен барша мұсылмандарға, ата – баба рухына бағыштады.
«Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.