Шымкент қаласы Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабының «Нұр-Мұхаммад» мешітінде Әйел-қыздар жамағаты «Қырық сұраққа қырық хадистен жауап» атты интелектуалды сайыс өтті. Мешіт шәкірттерінен алты кісілік екі топ құрылып, бір біріне қойылған сұрақтарды Имам Науауидің қырық хадис жинағындағы хадистермен жауап берілді.
Бұл сайысты Курбанкулова Махира ұстаз жетекшілік етті. Әділ-қазылар алқасы ретінде «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Досжанова Балжан ұстаз, Сайрам жами мешітінің ұстазы Абдыганиева Малика ұстаз және мешіт жамағатының белсенділерінің бірі Зулькарам апалар баға берді.
ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі