«Әл Муслим» мешітінің найб имамы Серикулов Рахымжан Абдувахидұлы Шымкент қаласы, Жоғары спорт шеберлері мектебінде аталмыш мекеменің тәрбиешілері мен тәлімгерлеріне «Дін және қоғамдық мәселелер» тақырыбында кездесу өткізді. Тәрбиелік мәні зор, жастарға керекті қоғамдағы өзекті мәселелер қозғалды. Спорт мектебінің ұжымы найб имамға алғысын жаудырды, осындай басқосулар жалғаса берсе екен деген ыждағатты ниеттерін жеткізді.
ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі