Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен А.Асқаров атындағы дендросаябақта Тәуелсіздіктің 35 жылдық мерейтойына орай салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Руханият марафон – 2026» спорттық шарасы ұйымдастырылды.
Жарыс талабына сәйкес 5 км жүгірушілерге жарысты бастау және ережелерін түсіндіру үшін қалалық Спорт басқармасының арнайы мамандары төрелік етті.
Айтулы шара алдымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын айтумен басталды. Игі шараның ашылу салтанатында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау сәлемін жеткізу үшін ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Берденұлы арнайы қатысып, Тәуелсіздіктің 35 жылдық мерейтойына орай өткізіліп отырған шараның маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Және Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, қатысушыларды жігерлендіру мақсатында қанатты сөз сөйлеп, сәттілік тіледі.
Жарысқа дін өкілдері қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша:

І орын Ибрагим Жандәулет Тұран ауданы “Саяси қуғын-сүргін құрбандары” мешітінің наиб имамы

ІІ орын Абдуқадыр Юсантаев Еңбекші ауданы “Тура жол” мешітінің ұстазы

ІІІ орынды Жахангир Ирисматов Қаратау ауданы “Әл-Жаами” мешітінің имамы

және алғашқы 15-тікке ілінген қатысушылар мен барлық жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен алғыс хат табысталды.
Жарыс соңында шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы барша қатысушыларға алғыс айтып, ризалық білдірді.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38