Бүгін Қазақстан Республикасының  30 жылдық мерейтойы аясында Шымкент қаласы Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақтағы «Имамдарының аллеясына» қосымша ағаш отырғызылды. Игі бастама  Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов және Шымкент қаласының бас имамы орынбасары  Мұхамеджан Естеміров, іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы және  Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының бас имамдары қатысты. Аталмыш белгіленген орынға түрлі сұрыптағы ағаштар отырғызып, тұрақты тазалық шаралар өткізілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38