Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Шардара ауданының № 15 өрт сөндіру бөлімі және С. Құрманғазы жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен «Діннің қоғамдағы алар орны», – тақырыбында кездесу өтті. Кездесуде аудандық ішкі саясат бөлімінің нұсқаушы дінтанушысы Н. Үсіпбек және Шардара ауданының бас имамы А. Данияров, Шардара аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қ. Ілесов осы тақырыпта кең көлемде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, мектеп оқушыларына нақты мысалдармен жеткізді. Кездесу барысында әлеуметтік желілерде қандай сайттар мен діни әдебиеттерді пайдалануға болады деген сұрақтарға жауаптар беріліп, қатысушыларға бүктемелер, кітапшалар таратылды.
Шардара аудандық ішкі саясат бөлімі.