IMG 97

IMG 97

 

 

Адамзаттың асыл тәжі Мұхаммедтің (с.а.у.) туылған айы мәуліт мерекесі және Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Усман ибн Аффан» мешітінің имамы Абдураймов Абдумаликтің ұйымдастырумен Сарыағаш ауданы, Еңкес ауылында Құранды мәнерлеп оқудан ауданаралық «Құран жарысы» өтті. Сарыағаш ауданының бас имамы Б.Қалдаров Құран оқудың артықшылығы, оның адам өмірінде алатын орны мен мәні мен мақсаты жайлы кеңінен түсіндіріп өтті. Жарысқа 85 үміткер қатысты. Оның ішінде 40 үміткер Құран Кәрімнің 10 сүресін мәнерлеп оқу бойынша қатысса, 45 үміткер 20 сүре бойынша қатысты. Сонымен 20 сүре бойынша Құранды мәнерлеп оқудан бас жүлдені Абдужаппар Жандос иеленсе, 1 – орын Мұхаммед Ахмедке тиесілі болды. Ал 10 сүре бойынша 1-орынды Жұмабеков Абылай иеленді. Жарыс жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табысталды. Әрбір Құран жарысына қатысқан үміткерге аудан имамы атынан мақтау қағазы табысталды.Жарыс соңынан Мәуліт оқылып, жиналған жамағатқа дастарқан жайылып, ас берілді.

Сарыағаш аудандық мешітінің баспасөз қызметі

IMG 95

IMG 96

IMG 97

IMG 98

IMG 99

IMG 100

IMG 101

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38