
Ибраһим ибн Әдһамнан «Маған дұға етіңдер, (тілектеріңе) жауап беремін» (Ғафыр, 60) деген аят туралы «Біз қанша дұға етсек те, дұғамыз қабыл болмайды» деп сұрағандарға былай депті: «Өйткені сендердің жүректерің он түрлі істеріңмен өліп қалған:
- Алланы біліп, Оның хақтарын өтемедіңдер.
 - Алланың Кітабын оқып, оған амал етпедіңдер.
 - Ібілісті жау тұттық дегендеріңмен онымен сыбайлас болдыңдар.
 - Расулалланы (с.а.с.) жақсы көреміз дедіңдер, бірақ оның сүннетін тастап қойдыңдар.
 - Жәннатқа құлшынамыз дедіңдер, бірақ ол үшін амал етпедіңдер.
 - Тозақтан қорқамыз дедіңдер, алайда күнәлардан тыйылмадыңдар.
 - Өлімнің хақ екенін білдіңдер, бірақ оған дайындалмадыңдар.
 - Басқалардың кемшіліктерін айтып, өз кемшіліктеріңе көз жұма қарадыңдар.
 - Алланың ризық-несібесінен дәм татсаңдар да оған шүкірлік етпедіңдер.
 - Өлгендеріңді көміп, бірақ одан ешбір ғибрат алмадыңдар».
 
ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешіті
