Шырайлы Шымкент қаласында орналасқан облыстық орталық мешітінде жаңадан мешіттерге тағайындау үшін ҚМДБ-ның сараптау комиссиясының қатысуымен сараптау болып өтті.
Сараптау комисияна Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіретің тапсырмасымен ҚМДБ-ның Діни істер бөлімінің меңгерушісі Камалжан Тұрдыбаев, шариғат және пәтуа бөлімінің орынбасары Сансызбай Шоқанов, іс басқарушы Ербосын Орын және өкіл имам Ахметжан қажы Керімбек мырзалар арнайы қатысты.
Сараптама кезінде қырағат, тәжуид, фиқһ, ақида, ислам тарихы, әкімшілік жүйе және тұғырнама бойынша сынақ алынды.
Сараптауға облыс көлемінде 129 құжат қабылданды. Олардың 125 қатысушы сараптау комиссиясынан өтсе, 4 қатысушы құжаттарының толық болмауы және діни көзқарасының дұрыс болмауы себепті өткізілмеді.
Сараптау комиссияның жетекшісі Камалжан Тұрдыбаев сараптаудан өткен барлық мешіт имам, молдаларға «Шымкент» медресе-колледжі жанындағы «ОҚО Имамдардың білімін жетілдіру» курсында діни біліміндерін жетілдіру қажеттігін атап өтті.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі