Бүгін ҚМДБ «Зекет» қорының бастамасымен қолға алынған «Көшпелі керуен» атты қайырымдылық шарасы жалғасуда.
Қайырымдылық шара барысында көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі мұқтаж жандардың үйлерін аралап, тұрмыс жағдайын біліп, қажетті көмектер берілді.
Айтулы шара Шымкент қаласы, Абай ауданы «Шейх Мұхаммед Садық» мешітінің ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы аясында 40 мұқтаж азаматтардың үйлеріне азық-түлік және ет өнімдері жеткізіп, қуанышқа бөледі.
Және «Шейх Мұхаммед Садық» мешітінің бас имамы Бекайдар қажы Әміре игі бастама ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының айрықша жобасы екенін айтып, сабырға шақырып, насихат айтты.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі