Жуырда ҚМДБ-ның «Зекет» қорының бастамасы аясында қолға алынған «Өмірге үміт сыйла!» қайырымдылық шарасы «Шымкент» медресе колледжінде жалғасын тапты.

Қайырымдылық акция барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы Сovid-2019 жұқпалы індетінен сақтану, алдын алу шаралары бойынша «Шымкент» медресе- колледжінің медициналық бөліміне 3 оттегі концентраторын табыс етті.

«Осы тұста, қайырымдылық шараға қолдау көрсетіп, үлес қосқан барша азаматтарға Алла Тағала разы болсын!» деді бас имам Бақдәулет Нұрматұлы.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38