SAM 903

 SAM 903

 

 

Қасиетті Құрбан айт мерекесі облысымыздың барлық өңіріндегі мешіттерінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Аталмыш мерекеде дәстүрге сәйкес кәде-сыйлық беру де үлкен сауапты іс екендігі баршаға аян. Осы дәстүрді жаңғырту мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Келес өңірі «Ешан баба» мешітінің имамы Садыков Айдарбекке жергілікті бір топ кәсіпкер азаматтар автокөлік кілтін табыс етті. Атап айтқанда Абикулов Бақтыбай Қалдыбайұлы, Қадиров Ғабит Тағайбекұлы, Тоқсейтов Ерболат Аятұлы, Разиев Иминжан, Бакиев Нұрмамат деген бауырларымызға Алла разы болсын. Бұл азаматтар осы мешіттің тұрақты жанашырлары екіндігін айтып өту керек.
Сондай-ақ, жоғары аттары аталған азаматтарға айт намазы кезінде ҚМДБ-ның ОҚО өкіл имамы А.Керімбектің атынан арнайы алғыс хаты табыс етілді. Айт құтты болсын!

ҚМДБ-ның ОҚО өкілдігінің баспасөз қызметі

 SAM 901

 SAM 902

 SAM 903

 SAM 904

 SAM 905

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38