Балмұздақ және ірімшік өнімдерін өндіруші «Doni LTD» кәсіпорыны «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды.
Шымкент қаласында іс-сапармен жүрген «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен бас технолог Айжан Омарова, жергілікті инспектор-контролер Қазбек Сарыбаев өндіріс орнында аудит жұмыстарын жүргізіп, кәсіпорын жұмысының халал стандартқа толықтай сай екендігіне көз жеткізілді.
Өндіріс барысында қолданылатын негізгі шикізат пен тағамдық қоспалар түгелдей зертханалық тексерістен өткізілді. Лабораториялық тексеріс нәтижесі бойынша шариғат бойынша тиым салынған қоспалар анықталмады.
«Doni LTD» балмұздақ және ірімшік өнімдері Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Петропавл, Ақтөбе, Ақтау, Тараз, Түркістан, Қызылорда секілді ірі қалалар мен Шалқар, Арыс, Арал, Жаңатас, Шардара, Мақтарал елді-мекендеріне жеткізіледі.
«Doni LTD» кәсіпорны «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты» бойынша сертификатталып, «ҚМДБ сертификаты» табысталды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі