Бүгін, Шымкент қалалық «Зекет» қоры мен Әл-Фараби ауданы, Сәуле мөлтек ауданы «Сәуле» мешітінің ұйымдастыруымен мешіті «#Бізбіргеміз» қайырымдылық шарасы ұйымдастырды.
Шара барысында Шымкент қалалық «Зекет» қорының жетекшісі Айбек Әзімбаев пен Әл-Фараби ауданы, Сәуле мөлтек ауданы «Сәуле» мешітінің имамы Нұрсұлтан Орынбаевтар шараның негізгі мақсатына тоқталып, халықты сабырға шақырып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасы аясында қолға алынып отырған игі шараларды атап өтті.
Шара барысында індеттен тезерек құтылу үшін дұға етіп, арнайы мал сойылып, құрбандық еттері көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі 30 отбасыға жеткізілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі