Бүгін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің қолға алған «Жүрек жылуы» атты акциясы жалғасын табуда.
Акиця барысында емделушілерге ең қажетті деген дәрі-дәмектері мен қатар құрал жабдықтар (дене қызыуын, қан қысымын өлшегіш құралдар, т.б.) қамтылуда.
Осындай игі істе, індеттің тез жойылып, бұрынғы жайма жуақ күндерімізге тезірек жетуді ниет еткен Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов пен Шымкент қалалық «Зекет» қорының жетекшісі Айбек Әзімбаевтың қамқорлығымен бүгінде ауруханадан шығып, үй жағдайында күтімде жүрген азаматқа ингаляции аппараты табысталды. Алла Тағала разы болсын!
Айта кету керек, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының айтуынша бұл бағыттағы қайырымдылық жұмыстар қайырымды һәм жомарт жандардың көмегімен жалғасын табатын болады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі