ҚМДБ-ға қарасты Шымкент қаласы «Ақмешіт» қайырымдылық мекемесінде «Жеті рухани қазық» құжаты насихатталды.
Шараға қалалық орталық мешіттің имамдары қатысты. Оның ішінде наиб имам Еркебұлан Қарақұлов, Бекайдар Әмір, Қайрат Ерғазиев, Нәзірхан Тасходжаев т.б. қызметкерлер қатысып, өз ойын ортаға салды.
Жуырда ғана ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың қолдауымен ашылған «Ақмешіт» қайырымдылық мекемесінің директоры әрі ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бас имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров қабылданған құжаттардың маңыздылығына айрықша тоқталды.
«Жеті рухани қазық» құжаты – еліміздің рухани дамуына үлес қосатын тағылымды бастама. Ол үшін дін өкілдері елдің игілігі жолында аянбай қызмет етуі тиіс» деді М.Естеміров.
Сондай-ақ, шара барысында қатысушыларға мекеме директоры жаңадан ашылған орталықтың тыныс-тіршілігі мен алдағы 2020 жылғы жұмыс жоспарымен бөлісті.