Бүгін Шымкент қаласы, Қаратау ауданында орналасқан «Әдет-ғұрып және салт дәстүр» орталығында «Сәлемің түзу болсын!» атты этно-танымдық шарасы ұйымдастырылды.
Аталмыш шараға қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Р.Мыңбаев, қалалық «рухани жаңғыру» жобалық кеңесінің меңгерушісі С.Жанәбіл, Ф.Тілеубердиев, Шымкент қаласы, Қаратау аудандық «Байғұт баба» мешітінің бас имамы Дастан Желеуов және қалалық «Әжелер» тобының мүшелері қатысты.
Шараның негізгі мақсаты – «Шымкент – қайырымды қала» жобасы аясында ұлтық салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарын және рухани құндылықтарын насихаттау.
Шара аясында көп жылдардан бері ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға үлес қосып жүргені үшін «Әдет-ғұрт және салт дәстүр» орталығының басшылығы тарапынан Қаратау аудандық «Байғұт баба» мешітінің бас имамы Дастан Желеуов арнайы алғыс хатын табыс етті.