ҚМДБ-ның Шымкент қаласындағы «Ақмешіт» қайырымдылық мекемесінің дәрісханаларын талапқа сай ету мақсатында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Аталмыш шараға алғашқылардың бірі болып Шымкент қаласы, Қаратау аудандық «Байғұт баба» мешітінің бас имамы Дастан Желеуов, найб имамдары Ербол Қалшабек, Ағзам Тасходжаевтардың бастамасымен «Ақмешіт» қайырымдылық мекемесінің бір дәрісханасының еденінен жайнамаз ретінде кілем тарту етті.
Шара аясында бас имам орынбасары әрі «Ақмешіт» қайырымдылық мекемесінің директоры Мұхамеджан Естеміров алғыс айтып, ризашылығын білдірді.
Айта кету керек, бүгінгі таңда аталмыш дәрісханада 24 болашақ қарилар дайындықтан өтіп жатыр.