Күндердің күнінде Мұстафа деген жігіт болыпты. Ол тұратын тұрғын үйдің бесінші қабатында бес жыл бұрын шалынан айрылған кемпір тұрады екен. Екі жыл бұрын қызы баласымен жол апатына түсіп қайтып болған. Содан жалғыз өзі әрең күн көріс жасап жүргенін айналадағының барлығы біледі екен. Таңның бір күнінде Мұстафа жұмысқа шығып бара жатса есіктің алдында «Кеше 100 динарды жоғалтып едім. Соны көрген-білген болса 76-пәтерге қайтарсыншы!» деген хабарламаны көреді. Ал 76-пәтерде әлгі кемпір тұратын. Содан Мұстафа қалтасынан 100 динарды алып әжейдің есігін қағады. Есікті ашқан бойда Мұстафа қолын созып 100 динарды ұсынады. Әжей болса көңілі босып:
— Айналайын, осылай маған келіп ақша берген сен осымен он үшінші адамсың. Жақсылығың еселеніп қайтсын, деп батасын береді. Сол сәтте әжей көрші қыздың есігін қағып:
— Қарағым, кешегі жазған хабарламаңды алып қоя салшы. Осымен маған қол ұшын берушілердің саны артып келеді,-деген екен. Сөйтсе, хабарламаны көрші қыз әжейдің жағдайын біршама жақсартып, айналасындағылардан көмек алу үшін жазған екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ, дінтанушы