Күндердің күнінде Пайғамбар (с.а.у.) әскерімен жорыққа шығады. Бір уақытта мұсылмандар шамалы тынығып алайын деп тал астын көлеңкелейді. Сол кезде бір тайпа өкілі қылышын Пайғамбарға тақап:
— Енді сені менен кім құтқарады?-деп дауысын көтеріп бажылдайды. Пайғамбар (с.а.у.):
— Мені тек Алла ғана құтқарады!-дейді. Кенет әлгі адамның қолы дірілдеп, қылышы жерге түсіп кетеді. Пайғамбар (с.а.у.) дереу қылышты алып оның мойнына тақап:
— Енді сені менен кім құтқарады?-деп өзінен сұрайды. Ол:
— Ешкім,-деп жарылқауын сұранады. Пайғамбар (с.а.у.) оны жайына қойып босатып жібереді. Әлгі адам тайпасына қайтып, адамдарды жинап:
— Ей, халқым, мен адамдардың ішіндегі ең көркем мінезді жанның қасынан келдім,-деп Пайғамбарды (с.а.у.) жақсы сипаттап берген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ, дінтанушы