Оңстүіктік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің акт залында студенттермен кездесу өткізілді.
Аталмыш кездесуге Шымкет қаласы Әл-Муслим мешітінің бас имамы Бегайдар Қымбатов арнайы қатсып, ата-баба дініміздің салт-дәстүрмен, әдет-ғұрыппен ұштасқандығы, оған қарсы тұрып, дәстүрді адасқан деп түсінетін керағар діни ағым мүшелерінің қате тұстарын нақты, түсінікті етіп айтып берді.
Бегайдар имам студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, студенттерге алғыс білдірді әрі қандай-да бір діни сұрақтар болса мешіт имамдарынан немесе ҚМДБ-ның ресми сайттарынан жауап алған дұрыс екендігін түсіндірді.