Ақида ілімінің шамшырағы Абу Мансур әл-Матуриди.

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің ұйымдастыруымен, осы аудандағы мешіттердің жамағаттары арасында «Ақида ілімінің шамшырағы Абу Мансур әл-Матуриди» атты сайыс ұйымдастырылды. Аталмыш шараға қатысушылар Ақида және Фиқһ ілімдерінің қағидалары мен ережелерін жатқа айтудан сынға түсті. Жарысқа мешіттің бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы және найб имамдар Керімбеков Анарғали, А.Тұрапбай төрелік етті.

Жарыс барысындағы сұрақтар аталмыш мешіттің найб имамы Тұрапбай Ақтөренің тұрақты жамағатқа өткен «Әл-уасия», «Фиқхул Акбар» және «Кабайр» кітаптарынан қамтылды. Осынау дүбірлі додаға жамағаттан 120 адам қатысты. Аталған жиынның жеңімпаздарына, бағалы сыйлықтар табысталды.

Шымкент қаласы,Әл-Фараби ауданы «Абдулхамит Қаттани»мешіті

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38