Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің бастамасымен «Бір мәзһаб, бір үммет, бір жамағат» тақырыбында Шымкент қаласы, Абай ауданына қарасты бірнеше мешіт жамағаттары «Нұр төбе» мешітінде бас қосты.
Жақсылыққа жиылған жамағатқа «Халифа Омар» мешітінің бас имамы Данабек Әліпбайұлы уағыз жүргізді, жамағат тарапынан көкейінде жүрген сұрақтарына жауаптар да алды. Сұрақ-жауап қызықты өтіп, жиын соңында жамағатқа арналып дастархан жайылды.
Қариялар осы секілді іс-шаралар жалғасын тапса деп ұсыныстарын айтып, ұйымдастырушы, уағыз айтушы имамдарымызға алғыстарын білдірді.