ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен «Зекет» қоры бірлесіп, қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Қайырымдылық шарасы барысында тұрмыс жағдай төмен мүмкіндігі шектеулі 2 азаматқа екі мүгедек қол-арбасы мен 1 тонна көмір, азық-түлік және қаржылай көмек берілді. Атап айтқанда ұн, қант, күріш, макарон, тұз, шәй, өсімдікмайы т.б.
Аталмыш шара барысында «Зекет» қорының жетекшісі Айбек Әзімбаев сөз сөйлеп, асыл дініміз жайлы уағыз, әрбір қиындық соңында еселеп қуаныш болатыны туралы әңгімелеп берді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі