Шымкент қаласы «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінде қала, аудан имамдары мен Жастар ісі бөлімінің қатысуымен жылдық жоспарға байланысты кезекті басқосуы өтті.
Бас қосу аясында ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев тарапынан қала бойынша Жастар ісі бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдікерімұлына бірнеше маңызды тапсырмалар берілді.
Атап айтқанда, жастарды имандылыққа бағыттайтын кітаптар мен роликтер шығару, теріс ағымға кеткен жастарды бейімдеу бойынша жұмыстарды қолға алу, жастар арасында Құран, хадис, ақида т.б. жарыстар өткізу, жас ақындар мен термешілер арасында сайыстар ұйымдастыру, жастар арасында спорттық шаралар өткізу, жастарға рухани қолдау орталығын ашу, жастарды еңбекке баулып, теріс әрекеттен сақтау бойынша кездесулер өткізу, мешіт жанындағы діни сауат ашу курстарына жастарды көбірек тарту, өңірдің киелі орындарына саясат жасау, үздік шәкірттерге демеуішлер тарапынан шәкіртақы тағайындау т.б.
Айта кете керек, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен 2019 жыл Жастар жылы деп белгіленді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі