Man, prayer, religion, muslim, arabic, islam, mosque concept. Hand drawn muslim man doing pray standing knees on concept sketch. Isolated vector illustration.

Сахабаларымен отырған бір күні Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) қиямет жайлы сөз қозғады. Толассыз айтылған әңгіменің бір ұшығы адамның бұл дүниеде жасаған амалдарына барып тірелді.

«Қиямет күні біршама адам Тахаманың үлкендігіндей сауап арқалап келеді. Бірақ олардың амалдарын Алла Тағала қабылдамайды».

Бұны естігенде бойын үрей билеген Сәлім Хұзафа (р.а.):

– Уа, Алланың құрметті елшісі, әке-шешем жолыңа құрбан болсын. Олардың қандай адамдар екенін айтпас па екенсіз? Аңдаусызда солардан бірі мен болып қалмайын деп қатты қорқып тұрмын, – деді.

Сонда Пайғамбарымыз оған:

– Әй, Сәлім, олар ел қатарлы ораза ұстайды, намаз да оқиды. Алайда, бір дүниеге тап келе қалса, көзі тұнып бас салады. Міне, Алла Тағала осындайлардың амалын қабылдамайды, – деді. 

Құдайберді БАҒАШАР 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38