Күндердің күнінде Жабир есімді кісінің иманды, тақуа досы болады. Ол Жабирге Пайғамбардың (с.а.у.) сахабалары туралы әңгімені көп айтып, олар секілді болуды насихаттайды екен. Содан бір күні досы Жабирге әңгімесін бастай бергенде:

— Олар да біз секілді адам емес пе? Біз де қаласақ солар секілді иманы жоғары мұсылман бола аламыз, олардың істегенін біз де жасай аламыз, деп Жабир орнынан тұрып кетеді. Үйіне келген Жәбир тынығып алайын деп ұйықтайды. Түсінде бір іші тола адам автобуста кетіп барады. Жан жағына қараса досының айтқан сахабаларының бәрі сол автобуста жолаушы екен. Жабир таңдана отыра береді. Кенет автобус жардан төмен қарай жолдан шығып жаймен түсе бастайды. Жолаушылардың барлығы сабырлық танытып, автобусты тоқтату керек деп әрекет жасайды. Жабир өз кезегінде автобустан шығып дөңгелектің астына тас қойса, сахабалар тастың орына бастарын қояды. Мұндай әдеттен тыс әрекетті көрген Жабир орнынан атып тұрады.

Мән жайды дереу досына барып баяндап, түсінік беруді сұрайды. Сонда досы:

— Көрдің бе? Сен біраз уақыт бұрын өзіңді сахабалардың дәрежесіне теңеп, «олардың ісін біз де істей аламыз» деген едің. Солай болған болса сол автобусты тоқтату үшін дөңгелектің астына неге басыңды қоймадың? Алла Тағала сахабалардың дәрежесін саған көрсетіпті,-деп Жабирді ұялтқан екен.  

Жалғас АСХАТҰЛЫ,

дінтанушы

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38