Ибн Аббас (Алла ол екеуінен де разы болсын), арабтың мына бір «Кім біреуге ор қазса, оған өзі түседі»- деген қанатты сөзін естіпті.
Сонда ол:
«Бұл Құранда да айтылған ғой»- деп , Фатыр сүресінің 43 аятын оқыған екен: (Өзгелерге қулық – сұмдық ойлап, тұзақ құрады. Алайда біреуге арамдық ойлап, құрылған тұзақ тек өз иесін орға жығады)
Қуртибидиң тәпсірінен алынды.