Қасиетті Рамазан айында Шымкент қаласы ет өнімдерін өндіретін «Жүзбай ата» ЖШС-нің директоры Қалдыбаев Ержан Бердібайұлына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал» стандарттау бөлімінің сертификаты тапсырылды.
Аталмыш өндіріс орнын жетік танысқан «Халал» стандарттау бөлімінің ОҚО бойынша жетекшісі Бақдаулет Абдірахманов арнайы ҚМДБ сертификатын табыс етті.
Жоспар бойынша адал өндірістерінің санын артыру көзделуде.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі