ШЫМКЕНТ: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» атты шара өткізілді
Бүгін Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінде 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесімен «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» атты шара өткізілді.
Мерейлі шара барысында Шымкент қаласының өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев арнайы жамағатты құттықтап, еліміздің жетістіктері туралы жан-жақты айтып өтті.
Еліміз әлем алдында күн сайын беделі артып, мерейі үстем болуда. Алла шүкір!
Сондай-ақ, шара аясында елім деп жүрген Елбасымызға, дінім деп жүрген Дінбасымызға, барша еліміздің тұрғындарына бақ пен береке тіледі.
Мереке құтты болсын, жамағат!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі