Бүгін Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданына Республикалық ақпараттық-насихат тобының РАНТ мүшесі арнайы іс-сапармен келді.
ҚМДБ-ның тапсырмасына орай, Әл-Фараби ауданы «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің Бас имамы Бақдаулет Абдурахмановтың ұйымдастыруымен арнайы білікті уағызшы мамандарды тарту шаралары қолға алынды.
Соның бір көрінісі, елімізге белгілі дінтанушы әрі РАНТ мүшесі Қабылбек Әліпбайұлы «Абдул Хамид Қаттани» мешітінде болып, «Басшыға бағыну – міндет» тақырыбы бойынша жұма уағызын жүргізді.
Сондай-ақ, мешіт жамағаты тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі