Бүгін қасиетті жұма алдында Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінде Мәуліт оқылды.
Алдымен Шымкент қаласы бойынша өкіл имам Бақтыбай қажы Қыдырбайұлы қасиетті Мәуліт айының фазилаттары туралы сөз сөйледі.
Жұма алдында орталық мешіттің ұстаздары Мейірбек қари Сәрсенбаев, Осман Өзташ және «Саяси қуғын сүргін құрбандары» мешітінің найб имамы Мұрат Тастанбековтер Пайғамбарамызға (с.а.с) салауат айтып, мәуліт хұтбасын оқыды.
Айта кету керек, Шымкент қаласында орналасқан мешіттерде қасиетті айда мерекелік дастархан жайылып, 55 мешітте мәуліт оқылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі