Шымкент қаласының Абай ауданы Қазығұрт шағын ауданының №48, №66, №86 ЖОМ және Құрсай шағын ауданының № 49 жалпы орта мектебінің акт залдарында жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті. Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының тапсырмасы шеңберінде «Оңтүстік жастары» ҚБ-і ұйымдастыруымен өткен кездесуге Еңбекші ауданы «Имам Ағзам» мешітінің бас имамы, ЖАНТ мүшесі Бахытжанұлы Нұрлан қатысты.
Мақсат, дін саласындағы тұрақтылық мәселелері бойынша Шымкент қаласында жалпы білім беру мектептерінде жасөспірімдер арасында деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу бойынша іс-шаралар ұйымдастыру жобасы аясында мектеп оқушыларымен кездесу өткізу.
Кездесу барысында наиб имам оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.