Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Жамбыл облысына жасаған іс-сапары аясында Тараз қаласында күміс, алтын алқа иесі, жалғызбасты, сегіз баланың анасы Айгүл Əмірееваға пəтер кілтін табыстады.
«Құтты қоныс болсын. Алла Тағала осы шаңырақтың ішін жақсылық пен берекеге толтырғай», – деп дұға жасады Бас мүфти.
Батыр ана жомарт жандарға алғысы мен жүрекжарды тілегін жеткізді.
Айта кетейік, жаңа пəтер «Зекет» қорының ұйытқы болуымен, демеуші азаматтардың қолдауымен сатып алынған.