Бүгінгі күні Шымкент орталық мешітінде ілім алып жатқан шәкірттердің Құран жаттауға деген талпынысы артып келеді. Аналар мен әжелер қыздары мен немерелерінің Құран жаттауына жағдай жасап, өздеріде Құран жаттау үстінде. Мектептегі сабақтары мен бірге Құран жаттауды да қалдырмай, табанды еңбек етіп жүрген жас қарилардың Алла ілімдерін арттырғай. Қабілетті шәкірттеріміздің бірі Абдурашид Аяна. Екінші сынып оқитын жас шәкіртіміз алты жасынан бастап Құран оқуды үйреніп, соңғы алты айда Қасиетті Құранның 30-шы парасын жаттап бітірді. Әжесі Нұрқаламқызы Алия апай да бүгінде Құран жаттап мешіміздің тұрақты шәкірттерінің бірі. Алдағы уақытта Аянаның Құран кәрімді толық жаттап және де мектепте де озат оқушы болуына тіліектеспіз.