Шымкент қаласы өкілдігі Шымкент орталық мешіті жанынан ашылған Діни сауат ашу курсының əйелдер бөлімінде жеті жастағы Алишерова Фарзона Қасиетті Құранды толық оқып шығып хатым жасады. Бес жасынан бері мешітте ілім алып келе жатқан Фарзона бүгінде 30- шы параны жаттау үстінде. Фарзонаның анасы Косимова Нулифер апай да қызымен бірге Құран сабағына қатысып Құранның 30- шы парасын жаттап жүр. Мектеп табалдырығын енді аттаған Фарзонаның мектептегі үлгеріміде өте жақсы. Фарзонаның алдағы уақытта « Қари боламын» деген үлкен асқақ арманы бар. Бізде Фарзонаның бұл арманына жетуін Алладан сұраймыз.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі