Шымкент қаласы өкілдігі, Шымкент қаласы орталық мешітінде дəріс алып жүрген əжелерге арнап ақ дастархан жайылды. Əжелер əр аптада бір хатым түсіріп сол хатымның дұғасын жасады. Қайырымдылық дастарханын жайған мешіт жамағатынан Гүлмира апайға əжелер ақ бастасын беріп өз ризашылықтарын білдірді. Мешіт жамағатының ұйытқы болуымен əр аптада өткізілетін қайырымдылық шарасы өз жалғасын тауып келеді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі