Бүгін, Шымкент қаласында орналасқан Түркістан облысы Адами әлеуметтік даму басқармасына қарасты «Облыстық Жасөспірімдер үйі» КММ-де тәрбиеленіп жатқан жасөспірімдерге қайырымдылық жасалды.
Қайырымдылық шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы, найб имам Мұхамеджан Естеміров, іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Зекет» қорының өкілі Айбек Азимбаев және төрт аудан бас имамдары қатысты.
Игі шара барысында аталмыш мекемеге төсеніш ретінде 20 дана кілем тарту етілді. Жалпы, аталмыш мекемеге мешіт тарапынан тұрақты түрде қайырымдылық жұмыстары жүргізіліп келеді.
Осы тұста, діни басқарма қызметкерлерінің тұрақты игі істеріне «Облыстық Жасөспірімдер үйі» КММ-нің директоры Қарсыбай Анарбайұлы алғысын айтып, ризалық білдірді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38