Әл-Фараби ауданы, Абдулхамид Қаттани мешітінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай рухани-танымдық семинары өтті. Аталмыш шараға қаламыздың бас имамы және аудан имамдары мен мешіт имамдары қатысты. Іс-шараны қаламыздың бас имамы Бақдәулет Абдрахманов Абай атамызды таныстыру мен оның ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз екендігін айтып ашып берді. Семинар барысында Әл-Муслим мешітінің найб имамы Серикулов Рахымжан «Абайдың мысық тілеулес миссионерлерді жеңген ерлігі» атты тақырыпта баяндама оқып, Абай атамыздың дінімізге, қазақ еліне жасаған еңбегі орасан зор екендігін баяндап, Абай сөзінің бүгінгі заманымыз үшін көкейкестілігі, ақын шығармаларынан халқымыз қандай тағылым алуға тиіс екендігі жөнінде жұртшылықпен ой бөлісті. Жиын соңында қарияларымыздан бата алынып, белсенді қатысқан имамдар Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың қолынан сертификатпен марапатталды.
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі