Бүгін ҚМДБ-ның «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдігі Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Тұрбат елді мекенінде орналасқан «Исмайл ата», «Исқақ ата», «Жәбірейл ата» кесенелеріне зиярат етіп, қалалық «Darhan Dala Travel» отандық туризм бөлімі арнайы экотур шарасын ұйымдастырылды.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың атынан, найб имам Мұхамеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаев, қалалық «Darhan Dala Travel» отандық туризм бөлімінің өкілі Самат Анарбаев, Қазығұрт ауданының бас имамы Әділхан Сертай, ауыл имамы Әнуар Жолдасов, қала аудан имамдары мен ұстаздары қатысты.
Алдымен «Ихсан ілімі», «Дін мен дәстүр» және «Халал Даму», «Зиярат туризм» және «Тарихи, киелі жерлерге зиярат жасаудың әдебі» бағыттары бойынша кездесу өткізіліп, кесенелерге зиярат ұйымдастырылды.
Айта кетсек, ҚМДБ-ның қолға алып отырған салаларының бірі һәм бірегейі отандық туризм саласын дамыту, киелі орындарды насихаттау мақсатында «Darhan Dala Travel» отандық туризм бөлімі жұмыс жасап келеді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі