Шымкент қаласына ресми сапармен келген  ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Шейх Сансызбай қажы Құрбанұлы «Шымкент» медресе-колледжінде болып, рухани тәрбе көзі Ихсан ілімі туралы шәкірттерге  дәріс оқыды.

Бұл бастаманы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының  ел халқына арнаған «Кемел адам» және «Ихсан ілімі» атты рухани тұжырымдама айта келе,  медресе шәкірттеріне білім алудың маңыздығына айрықша тоқталды.

Игі шара аясында ұстазға   «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай және қалалық іс басқарушы, дінтанушы Азамат Әбдікерімұлы және т.б. ұстаздар қауымы алғыстарын айтып, ризалықтарын білдірді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38