« Деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары» атты тақырыпта Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен кездесу өтті.
Кездесуге:
1) Шымкент қаласының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Қуандық Гүлбану Абайқызы
2) ҚМДБ Шымкент қаласы Абай ауданы жастар ісі секторының маманы, “ Темірші ата “ мешітінің имамы Қалшабеков Ербол Тастанбекұлы
Қалшабеков Ербол Тастанбекұлы ҚМДБ төрағасы, бас Муфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған “Адам баласын Кемелдікке жетелейтін Рухани байыта түсетін “ Ихсан ілімі “ тұжырымдамасы түсіндірді . Сондай-ақ бас қосуда жастардың түрлі қылмыстық әрекеттерден және түрлі кереғар ағымдардан сақтану жолдары да кеңінен тоқталып талқылады.
ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі