Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешіті мен қалалық «Зекет» қорының ұйымдастыруымен Қаратау ауданы, Бозарық елді мекенінде «Ел үлесі – пәтерге» акциясы бойынша №270-ші үйдің кілтін табыс ету шарасы ұйымдастырылды.
Игі шарада алдымен қасиетті Құран оқылып, дұға етілді. Арнайы құттықтау үшін Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов сөз алып, игі жұмыстың маңыздылығына тоқталып, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ, сөз соңында жаңа баспанаға ие болған әйгілі «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің түлегі, бүгінде Қаратау аудандық «Байғұт баба» мешітінің найб имамы Нұрсұлтан Әбжелелге құтты болсын айтып, сәттілік тілеп баспана кілтін табыстады.
Игілікті шараға қала имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров, «Халал Даму» ЖШС Шымкенттегі өкілі Қазыбек Сарыбаев, іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, Қаратау аудандық мешіттің бас имамы Дастан Желеуов, қалалық «Зекет» қорының жетекшісі Айбек Азимбаев, қалалық «Әжелер» мектебінің мүшелері т.б. азаматтар қатасты.
Жалпы, үйдің жер көлемі 8 соттық, үш бөлмелі, қажетті барлық жағдай қарастырылған. Қоныс құтты болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38