Шымкент қаласы, «Есжанұлы Сейітжан қари» мешітінде
«ИМАНИ ЖАЗ – 2025» Сауат ашу курсындағы “Ғибадат” пәнінен Алла тағаланың қалауымен,“Намаз – көзімнің нұры” атты тақырыпта семинар-сабақ ұйымдастырылды.
Сабақ барысында:
• Намаздың парыз болуының себептері мен дәлелдері,
• Намаздың түрлері (парыз, уәжіп, сүннет, нәпіл),
• Намаздың уәжіптері, сүннеттері және әдептері
толық түсіндірілді.
Сонымен қатар:
• Шәкірттердің қателіктерімен жеке жұмыс жүргізілді;
• Сұрақ-жауап арқылы түсініктері бекітіліп,
• Құлшылықтың рухани мәні мен намаздың жүрекке нұр берері терең насихатталды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі






