Бүгін Шымкент орталық мешіті жанындағы «Оңалту» бөлімі мен ЖАНТ мүшелерінің кезекті жиналысы «Сovid-2019» жұқпалы індетіне байланысты онлайн түрінде өткізілді.Жиынды Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай Бейсенбаев пен қалалық «Діни Оңалту» бөлімінің жетекшісі Берік Арыновтың жетекшілігімен жүргізілді. Негізгі мақсат ЖАНТ тобының «Сovid-2019» жұқпалы індетіне байланысты жария етілген төтенше жағдай кезіндегі жұмыстар мен алдағы қасиетті Рамазан айында атқарылатын жұмыстар мен жоспарлар талқыланды. Соның ішінде орталық мешіт жанындағы +7084784872 нөміріне тіркелген «Call-Center» орталығындағы сұрақ-жауап жұмыстарының сапасын арттыру, уағыз-насихат жұмыстарын «YouTube» каналдары мен «WhatsApp» т.б. әлеуметтік желілерде тікелей байланыс жұмыстарын дамыту сынты тапсырмалар пысықталды.Солндай-ақ, онлайн жиналыс барысында ҚМДБ «Діни Оңалту» бөлімі тарапына келген тапсырмалар кеңінен түсіндірілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38